Алматыда Оспанов көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылып, «Халық Арена» аумағында автоматты суару жүйесі орнатылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Алматы қаласының Медеу ауданында қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға, жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындар үшін жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған екі жоба жүзеге асырылды.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында «Халық Арена» спорт кешенінің аумағында автоматты суару жүйесі орнатылды. Жоба шеңберінде 4 мың погон метр автоматты суару жүйесі орнатылып, 2,5 мың погон метр желі тартылды.

Жаңа жүйе жасыл желектерді тұрақты әрі біркелкі суаруға, су ресурстарын тиімді пайдалануға және спорт кешенінің аумағын тиісті деңгейде күтіп ұстауға мүмкіндік береді.

Тағы бір жоба Оспанов көшесінде жүзеге асырылып, жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру жұмыстары аяқталды. Мұнда 150 м² асфальтбетон жабыны және 480 м² брусчатка төселіп, 1 650 м² аумақта көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар сыртқы жарықтандыру тіректері орнатылды.

Аталған жобаларды жүзеге асыру Медеу ауданында абаттандырылған әрі функционалды қоғамдық кеңістіктерді дамытуға, тұрғындар үшін жайлылық пен қауіпсіздікті арттыруға, сондай-ақ сапалы қалалық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-medeu/press/news/details/1286868?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version