Салқындатылмаған күл өртке себеп болуы мүмкін

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       Жылыту маусымының басталуына байланысты Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке тұрғын үй секторындағы тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ескертеді.

     Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

      Мәселен, 2 қыркүйекте Железин ауданының Железинка ауылында жеке тұрғын үй аумағында 12 шаршы метр жердегі қоқыс өртенді. Өрттің шығуына салқындатылмаған күлдің төгілуі себеп болған. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды жедел түрде ауыздықтады. Үй иесі ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

     Павлодар облысы ТЖД күлді толық суытып, сумен сөндіргеннен кейін ғана қақпағы тығыз жабылатын металл ыдысқа салуды ұсынады. Ыдыс жанбайтын негізде және құрылыстардан алыс жерде орналасуы тиіс.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1286867?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version