Алматының Медеу ауданында қоғамдық кеңістіктерді көркейтуге бағытталған екі жоба жүзеге асырылды.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында «Халық Арена» спорт кешенінің аумағында автоматты суару жүйесі орнатылды. Жалпы 4 мың метр автоматты суару жүйесі монтаждалып, 2,5 мың метр желі тартылды.
Жаңа жүйе жасыл желекті тұрақты суаруға және су ресурсын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Тағы бір жоба Оспанов көшесінде жүзеге асырылып, жүргіншілер аймағын көркейту жұмыстары аяқталды. Мұнда 150 шаршы метр асфальтбетон жабыны және 480 шаршы метр кеспетас төселді. Сондай-ақ, 1 650 шаршы метр аумақ көгалдандырылып, сыртқы жарықтандыру бағаналары орнатылды.
Атқарылған жұмыстар Медеу ауданындағы жүргіншілер инфрақұрылымын дамытуға және қоғамдық кеңістіктердің жайлылығын арттыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1286792?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау