Алматы әкімі Дархан Сатыбалды белгілі ақын, журналист, Қазақстанның халық жазушысы Валерий Федорович Михайловты 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Дархан Амангелдіұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мерейтой иесіне мемлекеттік награда – I дәрежелі «Барыс» орденін және құттықтау хатын табыс етті.
Президенттің құттықтауында Валерий Михайловтың көпжылдық жемісті еңбегі, отандық журналистика мен әдебиетті дамытуға қосқан елеулі үлесі атап өтілді. Мемлекет басшысы табиғи таланты мен сирек кездесетін еңбекқорлығы мерейтой иесінің үлкен әрі табысты шығармашылық жолының негізіне айналғанын ерекше атады.
«Әдебиет жолында Сіз көрнекті ақын әрі жазушы ретінде өзіңізді таныта білдіңіз. Қызықты шығармаларыңыз отандық мәдениеттен лайықты орын алды. Деректі прозаңыз арқылы халқымыздың тарихи өткенін зерделеуге зор үлес қостыңыз. Поэзиялық жолдарыңыз бірнеше буын оқырманының лайықты қызығушылығына ие болып, бүгінде еліміздің әдеби мұрасының ажырамас бөлігіне айналды», – делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.
Дархан Сатыбалды Валерий Михайловқа зор денсаулық, амандық, сарқылмас шабыт және шығармашылық табыс тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1286791?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау