Қазақстанда волонтерлік қызметті дамытуға және қоғамдық бастамаларды қолдауға бағытталған «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Сыйлық әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге елеулі үлес қосқан волонтерлер мен отандық, сондай-ақ халықаралық волонтерлік ұйымдардың еңбегін бағалап, ынталандыруды көздейді.
Байқау Мемлекет басшысының волонтерлік қозғалысты одан әрі дамыту және қолдау жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Биыл халықаралық сыйлық 15 номинация бойынша табысталады:
* «Үздік волонтерлік ұйым»;
* «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы»;
* «Тұрақты даму мақсатының көшбасшылары»;
* «Үздік әлеуметтік көмекші»;
* «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін»;
* «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін»;
* «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін»;
* «Денсаулық сақтау саласын дамытуға белсенді қатысқаны үшін»;
* «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін»;
* «Білімді әйгілеудегі үлесі үшін»;
* «Қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін»;
* «Бейбітшілікті, достық пен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін»;
* «Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін»;
* «Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін»;
* «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін».
Әр үміткер байқауға тек бір номинация бойынша қатыса алады.
Өтінімдер 2026 жылғы 7-27 қыркүйек аралығында қабылданады.
Байқауға қатысу үшін өтінімді https://qazvolunteer.kz/kk порталы арқылы беруге болады.
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындау тәртібімен https://qazvolunteer.kz/kk және https://www.adilet.kz/ сайттарынан танысуға мүмкіндік бар.
Байқауға қатысуға қатысты қосымша ақпаратты (+7-7172) 74-12-86, 74-03-11 телефондары арқылы алуға болады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1286795?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау