Бүгін Бескөл ауылында тұрғындар үшін маңызды нысан – жаңғыртудан өткен теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Теміржол вокзалы – ауылдың көлік инфрақұрылымындағы маңызды нысандардың бірі. Оның жаңартылып, пайдалануға берілуі тұрғындар мен жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, сапарға шығуға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Жаңғырту жұмыстары барысында вокзалдың ішкі және сыртқы келбеті жаңартылып, жолаушыларға қолайлы орта қалыптастырылды. Бұл – елді мекеннің инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Салтанатты шара барысында сөз сөйлегендер Бескөл ауылының тұрғындарын айтулы оқиғамен құттықтап, жаңа вокзалдың ел игілігіне ұзақ жылдар қызмет етуіне тілектестік білдірді.
Жаңарған вокзал – Бескөлдің жаңа тынысы, тұрғындарға жасалған тағы бір игі қадам!
Барша Бескөл тұрғындарын жаңа теміржол вокзалының ашылуымен құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-beskol/press/news/details/1286774?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау