Енді қазақстандықтар барлық зейнетақы жинақтарын жеке компанияларға бере алады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа ережелері күшіне енді. Атап айтқанда, енді азаматтар зейнетақы жинақтарының 100%-ын жеке компанияға бере алады. Толығырақ – NUR.KZ материалында.

Белгілі болғандай, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары «өлі жүк» болып жатпайды. Олар үнемі инвестицияланып, табыс әкеледі. Кейін бұл табыс салымшылар арасында бөлінеді.

Бұл жұмыспен ҚР Ұлттық банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) айналысады. Бұған дейін азаматтар жинақтарының тек 50%-ын жеке компанияларға бере алатын, алайда 7 қыркүйектен бастап бұл шектеу алынып тасталды.

Енді қазақстандықтар өздерінің барлық зейнетақы жинақтарын жеке компанияларға бере алады. Қаражатты басқаруға нақты қай компанияға беру керектігін азаматтар әрбір ИПБ-ның нәтижелеріне және басқа да факторларға сүйене отырып, өздері шеше алады.

Зейнетақы жинақтарына қатысты тағы бір маңызды өзгеріс – басқарушылар енді әртүрлі инвестициялық стратегияларды ұсына алады:

  • консервативті;
  • қалыпты;
  • тәуекелді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) мәліметінше, консервативті портфель барлығына қолжетімді, оның кірістілігі 12 айдағы көрсеткіш бойынша бағаланады. Қалыпты портфельді зейнетке шығуына 3 жылдан астам уақыт қалған азаматтар таңдай алады – оның нәтижелері 36 ай бойынша бағаланады. Ал тәуекелді портфель зейнетке шығуына 13 жылдан астам уақыт қалған азаматтарға қолжетімді, оның кірістілігі 60 айдағы көрсеткіш бойынша бағаланады.

Жаңа ережелер тәуекел деңгейі әртүрлі зейнетақы портфельдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алайда іс жүзінде жаңа жүйе әзірге тұжырымдамада қарастырылғаннан сәл өзгеше жұмыс істеп тұр.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар белгілі бір ИПБ шеңберінде инвестициялық стратегияны өздері таңдай алмайды. БЖЗҚ деректеріне сәйкес, қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған басқарушылардың әрқайсысы тек бір ғана портфель түрін ұсынады:

  • BCC Invest – консервативті портфель;
  • Alatau City Invest – қалыпты;
  • Halyk Finance – консервативті;
  • Halyk Global Market – консервативті;
  • Tansar Capital – қалыпты;
  • «Сентрас Секьюритиз» – консервативті.

Болашақта қазақстандықтарға портфельдердің көбірек нұсқасы қолжетімді болуы мүмкін. Алайда қазір басқарушы компаниялар өздері жұмыс істейтін бір ғана нақты стратегияны ұсынып отыр.

Сонымен қатар қазақстандықтар басқарушы компаниялардың нәтижелерін өздері бағалап, содан кейін қаражатын белгілі бір компанияға аудару-аудармау туралы шешім қабылдай алады.

Бұл ретте қазақстандықтарға барлық қаражатын бір ғана ИПБ-ға беру міндетті емес. Жинақтарды бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге болады. Сонымен қатар зейнетақы активтерін Ұлттық банктің басқаруына қайтаруға болады.

Бұған дейін қазақстандықтарға жеке компаниялардың өз қызметтері үшін комиссия ұстай алатыны туралы ескертілген. Бұл туралы толығырақ бұған дейінгі материалдарымызда айтылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-audany-akimat/press/news/details/1286777?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version