Цемент қалдықтарын заңсыз төккен жүргізуші жауапқа тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Цемент қалдықтарын заңсыз төккен жүргізуші жауапқа тартылды. 26 тамызда Қарағанды қаласының Жаңа Майқұдық секторында патрульдеу қызметін атқарған полиция қызметкерлері «Сармат-3» тұрғын үй кешені маңынан «Shacman Mixer» маркалы жүк автокөлігін анықтады. Тексеру барысында 53 жастағы жүргізушінің абаттандыру қағидаларын бұзып, цемент қалдықтарын белгіленбеген жерге төккені анықталды. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес айыппұл салынды. Автокөлік әрі қарай құқық бұзушылықтың жолын кесу мақсатында арнайы айып тұрағына қойылды. Полиция бұл бағыттағы жұмыстардың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бағдарламаның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсарту және азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Қарағанды облысының полициясы тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерін абаттандыру талаптарын сақтауға, құрылыс және басқа да қалдықтарды белгіленбеген орындарға төкпеуге шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1286843?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version