Астанада 12 қыркүйекте «JANA MEN KÙZ RUN» бұқаралық күзгі жүгіру жарысы өтеді. Спорттық іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Триатлон саябағында ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жарыс сағат 09:00-де басталады. Қатысушылар 3, 5 немесе 10 шақырымдық үш қашықтықтың бірін таңдай алады. Қатысушылар саны 1800 адаммен шектелген.
Жарысқа қатысу тегін. Онлайн тіркелу 9 қыркүйекте reg.elordasport.kz сайтында ашылады. Офлайн тіркелу қарастырылмаған.
Старттық нөмірлер 11 қыркүйек күні сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Триатлон саябағындағы «Арқар» көпірінің астында беріледі.
Жүгіру жарысының мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және елорда тұрғындарын тұрақты спортқа тарту.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1286800?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау