Алакөл ауданы аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасын және «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Алакөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 18 маусымдағы №46-Ө өкіміне сәйкес ведомствоаралық мобильді топ құрылды.
Мобильді топ мүшелері Лепсі ауылдық округі бойынша тұрғын үйлердің аулаларын, іргелес аумақтарды, көшелерді және қоғамдық орындарды санитарлық тазалық талаптарына сәйкестігіне тексерді.
Рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде санитарлық тазалық талаптарын сақтамаған тұрғын үй иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ресми ескертулер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-lepsi/press/news/details/1287023?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау