«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ ҚР ДСМ 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығымен бекітілген «Рецепттердің жазылу, есепке алыну және сақталу қағидаларын бекіту туралы» ережелерінің жиі бұзылатынын еске салады.
РЕЦЕПТ ЖАЗУ КЕЗІНДЕ ЖІБЕРІЛЕТІН 10 НЕГІЗГІ ҚАТЕ
Осыған байланысты дәріхана «Рецепт жарамсыз» деген мөрді қояды:
- Бланк нысанының бекітілген №112 бұйрыққа сәйкес келмеуі
- Қажетті бағандар мен деректемелердің болмауы
- Атауы көрсетілген денсаулық сақтау ұйымының бұрыштық мөрінің болмауы
- МКБ-10 бойынша диагноз кодының болмауы
- Рецепт жарамдылық мерзімінің көрсетілмеуі – 15 күн, 1 ай, 3 ай
- Рецепт кімге жазылғанының көрсетілмеуі – ересек адамға немесе балаға
- Науқастың А.Т.Ә. және жасының көрсетілмеуі
- Дәрілік заттың анық жазылмауы
- Рецепт жазған дәрігердің А.Т.Ә., жеке мөрінің болмауы немесе оның оқылмауы
- Рецептке түзетулер енгізілуі
Маңызды: Осы талаптарға сай келмейтін рецепт жарамсыз болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1287139?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау