ШҚО тұрғындарына пәтер сатып алар алдында құрылыс салушының құрылыс жүргізу заңдылығын тексеру қажеттігі ескертілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Пәтер сатып алу – мұқияттылық пен жан-жақты тексеруді талап ететін маңызды шешім. Өз құқықтарыңыз бен қаражатыңызды қорғау үшін тұрғын үйді тек заңды негізде сатып алыңыз. «ШҚО МСҚББ» ММ ескертеді: инвестицияңыздың қауіпсіздігі құжаттарды тексеруден басталады.

Мәміле жасамас бұрын міндетті түрде мыналарға көз жеткізіңіз: тұрғын үй кешенінің құрылысы заңды түрде жүргізіліп жатқанына; құрылыс салушыда барлық қажетті рұқсат құжаттарының бар екеніне; үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаттың бар екеніне; пәтерді сатып алу схемасының заңдылығына.

Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат берілгенін ресми порталдан тексеруге болады: homeportal.kz 

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты бар мынадай үлестік құрылыс объектілері іске асырылуда: екінші деңгейдегі банктің қатысуымен:

 «VIVA LIFE» ТҮК, «ASYL TAU» ТҮК, «ASYLTAS» ТҮК; «Қазақстанның тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігімен: «ASYLYM» ТҮК, «Золотой квадрат» ТҮК, «Престиж» (Sparkle Diamond) ТҮК; жергілікті атқарушы органның рұқсатымен: «ORDA» ТҮК, «TUMAR TOWERS OSKEMEN» ТҮК, «Айналайын» ТҮК, «BELGRAVIA» ТҮК, «BS HOLDING EASTON» ТҮК, «ECO POLIS» ТҮК, «PARK LINE» ТҮК, «RENESANS» ТҮК, «SATTI CITY» ТҮК.

Пәтер сатып алмас бұрын құрылыс нысанының заңдылығын және үлескерлердің қаражатын тартудың заңды негіздерін міндетті түрде тексеріңіз.

#МСҚББШҚО #ШҚО #Өскемен #үлестікқұрылыс #құрылыс #ТҮК #жылжымайтынмүлік #пәтер #қауіпсіздік #үлескерлер #Homeportal #заңдықұрылыс

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1287143?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version