15 қыркүйек – Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні қарсаңында осы жауапты саланың дамуына өзіндік үлесін қосып, ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп келе жатқан мамандардың өнегелі еңбек жолымен таныстыруды жалғастырамыз. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметке бар ғұмырын арнаған жанның бірі – Галина Георгиевна. Галина Георгиевна өзінің отыз жылдан астам ғұмырын санитариялық-эпидемиологиялық қызметке арнап, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету ісіне зор үлес қосты.
Көп жылғы кәсіби қызметі барысында ол өзінің терең білімі мен бай тәжірибесін жас мамандармен әрдайым жомарттықпен бөлісіп, әріптестеріне білікті тәлімгер, өз ісіне адал әрі жауапты маман ретінде үлгі бола білді. Оның адамгершілігі мен мейірімділігі, әрдайым қолдау көрсетуге және көмек қолын созуға дайын тұратын ізгі қасиеттері зор құрметке ие.
Галина Георгиевнаның саладағы қажырлы еңбегі мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дамуына қосқан қомақты үлесі кейінгі буын мамандары үшін әрдайым өнеге болып қала бермек.
Галина Георгиевнаға мықты денсаулық, отбасылық амандық, бақыт пен бақ-береке, жақындарының жылуы мен қамқорлығын және ұзақ ғұмыр тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1287655?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау