Түпқараған ауданында оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Назар аударыңыз, балалар!» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Түпқараған ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Форт-Шевченко қаласындағы мектеп-лицей оқушыларымен кездесу өткізіп, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында бопсалау, буллинг және кибербуллинг мәселелері кеңінен талқыланды. Полиция қызметкерлері аталған әрекеттердің жасөспірімдердің психологиялық жағдайына кері әсері туралы түсіндіріп, оқушыларға мұндай жағдайларға тап болған кезде үнсіз қалмай, ата-анасына, мұғалімдерге немесе құқық қорғау органдарына жүгінудің маңыздылығын жеткізді.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану, интернеттегі мінез-құлық мәдениеті және жеке деректерді қорғау ережелері түсіндірілді. Оқушыларға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, алаяқтардың қолданатын айла-тәсілдері және олардан қорғану жолдары туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында бопсалау мен сталкингтің қауіптілігі де айтылып, осындай фактілерге тап болған жағдайда дер кезінде көмек сұрау қажеттігі ескертілді.

Полиция қызметкерлері есірткі құралдарының адам денсаулығына және болашағына тигізетін зияны туралы нақты мысалдар келтіріп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

https://www.instagram.com/reel/Dc-5IaQCdbK/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1287656?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version