ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары А.Мұхамбетжановтың төрағалығымен 2026 жылдың III тоқсанына ауыл шаруашылығы саласына салынатын инвестициялардың болжамы және тұрғын үй мәселесі бойынша жиын өтті.

Жиынға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Хайруллин, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Бижанов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Н.Топасов, Бөкей ордасы ауданының статистика басқармасының басшысы Т.Кадимов, Бөкей ордасы аудандық ветеринариялық станциясы МКК директорының орынбасары А.Умбеткалиев және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Хайруллин III тоқсанға ауыл шаруашылығы саласына салынатын инвестициялардың болжамы және осы бағыттағы жоспарлы көрсеткіштердің орындалу барысы туралы баяндады. Ал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Бижанов тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй алу мәселелері бойынша баяндама жасады.

Жиын барысында жоспарлы көрсеткіштердің орындалу барысы мен проблемалық мәселелер талқыланып, ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bokeyorda/press/news/details/1287939?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version