«Құқықтық дәріхана»: заң бойынша кеңес алу үшін алысқа барудың қажеті жоқ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 8 қыркүйекте Петропавл қаласында және облыстың 13 аудан орталығында кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді.

Акция барысында азаматтарға тегін құқықтық консультациялар беріліп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауаптар ұсынылды және қолданыстағы заңнама нормалары түсінікті тілде түсіндірілді.

Акцияның басты қағидаты – құқықтық көмектің әрбір азамат үшін қолжетімді әрі түсінікті болуын қамтамасыз ету.

Атап айтқанда, азаматтардың әлеуметтік, еңбек, тұрғын үй құқықтарын, балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты өтініштеріне ерекше назар аударылды.

Облыс тұрғындары түрлі құқықтық мәселелер бойынша алдын ала жазылусыз прокурорларға жүгіне алды.

Мәселен, акция аясында облыстың аудан орталықтарының бірінің тұрғыны, 2-топтағы мүгедек, салықтық есептеулердің негізділігі мәселесі бойынша өтініш берген.

Материалдарды сол жерде зерделеу барысында салықтық есептеулердің негізсіз жүргізілгені анықталды. Мәселе сол жерде шешіліп, уәкілетті орган қажетті түзетулер енгізді.

«Құқықтық дәріхананың» негізгі міндеті – құқықтық көмекті барынша қолжетімді ету.

Акция барысында барлығы 128 азамат қабылданды. Ағымдағы жылдың басынан бері облыс прокуратурасы өткізген «Құқықтық дәріхана» акциялары шеңберінде 2 800-ден астам азамат қабылданды.

Облыс прокуратурасы тұрғындарды бұдан әрі де «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында білікті құқықтық көмек алу мүмкіндігін пайдалануға шақырады.

Акция әр сейсенбі сайын Петропавл қаласындағы «Рахмет» сауда үйінде, сондай-ақ облыстың аудан орталықтарында (сауда-ойын-сауық орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мәдениет үйлерінде, аудандық ауруханаларда және т.б.) өткізіледі.

                                 Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1287940?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version