Саңырауқұлақ ауруларының алдын алу
Саңырауқұлақ аурулары — бұл патогенді саңырауқұлақтар тудыратын тері ауруы. Инфекция ауру адаммен немесе жануармен жанасқанда, сондай-ақ ортақ жеке пайдаланылатын заттар арқылы жұғады.
Саңырауқұлақ ауруларының алдын алу үшін қарапайым профилактика ережелерін сақтау қажет:
• жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау және қол мен денені жүйелі түрде жуу;
• су процедураларынан кейін теріні, әсіресе аяқ саусақтарының арасын мұқият сүрту;
• бөтен адамның сүлгісін, аяқ киімін, шұлығын, тарағын және басқа да жеке заттарын пайдаланбау;
• бассейндерде, моншаларда, сауналарда, душ бөлмелерінде және киім ауыстыратын жерлерде жеке аяқ киімді кию;
• қоғамдық орындарда жалаңаяқ жүрмеу;
• аяқ киімді жүйелі түрде желдетіп, кептіріп отыру;
• тек жеке маникюр және педикюр құралдарын пайдалану;
• сұлулық салондарына барғанда құралдарды өңдеу және стерильдеу ережелерінің сақталуына назар аудару;
• терінің қышуы, қабыршақтануы, қызаруы немесе тырнақ құрылымының өзгеруі белгілері пайда болған кезде дәрігерге уақтылы қаралу.
Саңырауқұлақ ауруы анықталған жағдайда қайта жұқтыруды және инфекцияның таралуын болдырмау үшін маман тағайындаған толық емдеу курсынан өту және жеке бас гигиенасы шараларын сақтау маңызды екенін есте ұстаған жөн.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1287942?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау