2026 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде топтық жазатайым оқиғаға байланысты комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысын Департаменттің Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Н.К. Сейниханов өткізді.
Отырыста 2026 жылғы 2 қыркүйекте Жетібай–Шетпе автожолының 15-шақырымында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан орын алған топтық жазатайым оқиғаның мән-жайлары қаралды.
Аталған оқиғаға «BBJ Group» ЖШС, «Oil Construction Company» ЖШС және «Samruk Business Academy» жеке меншік мекемесінің қызметкерлері қатысқан.
Комиссия отырысы барысында жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайлары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы бойынша мәселелер талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1288384?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау