NCOC компаниясынан мемлекет пайдасына қаражат өндіріп алу жұмыстары жалғасуда
Бүгін жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында NCOC компаниясынан мемлекет пайдасына ақшалай қаражат өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізудің тоқтатыла тұрғаны туралы ақпарат тарады.
ҚР Әділет министрлігі аталған ақпаратты түсіндіру үшін келесіні хабарлайды.
Қазіргі уақытта NCOC компаниясы мемлекеттік сот орындаушысының әрекеттеріне шағымдануына байланысты Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты атқарушылық іс жүргізу материалдарын сұратқан.
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 42-бабының 13) тармақшасына сәйкес, сот атқарушылық іс жүргізуді талап еткен жағдайда, атқарушылық іс жүргізу оны сот қайтарғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Осылайша, NCOC компаниясынан мемлекет пайдасына қаражат өндіріп алу бойынша жұмыс заңда белгіленген тәртіппен жалғасатынын хабарлаймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1288389?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау