Өкіл Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысты.
Отырыста балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылуы туралы хабарлау тәртібін сақтау, балаларға арналған ұйымдар тәрбиеленушілерін іздестіру бойынша шұғыл шаралар қабылдау, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайдағы балалар мен отбасыларға қолдау көрсету мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған тиісті шаралар мен тапсырмалар айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty/press/news/details/1288414?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау