Қазақстан Республикасындағы есірткі құралдарының заңсыз айналымы және медициналық емес мақсатта қолданылуының құқықтық салдары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасындағы есірткі құралдарының заңсыз айналымы және медициналық емес мақсатта қолданылуының құқықтық салдары

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың аналогтарының заңсыз айналымы қоғамдық қауіпсіздік пен халық денсаулығына елеулі қауіп төндіреді. Осыған байланысты есірткі қылмыстылығына қарсы күрес Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады және «Заң және тәртіп» қағидаттарына сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасында есірткі құралдарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, дайындау, өндіру және өткізу үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген. Жауаптылықтың түрі мен деңгейі құқық бұзушылықтың сипатына, есірткі заттарының мөлшеріне және өзге де мән-жайларға байланысты анықталады.

Есірткі құралдарын заңсыз өткізу және өндіру үшін неғұрлым қатаң жауаптылық белгіленген. Кәмелетке толмағандарға қатысты, білім беру ұйымдарында, ірі немесе аса ірі мөлшерде не қылмыстық топ құрамында жасалған әрекеттер үшін жауаптылық күшейтіледі.

Заңда көзделген жағдайларда, егер адамның әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса, есірткі құралдарын медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін де әкімшілік жауаптылық туындайды.

Есірткіге тәуелділіктің алдын алуда құқықтық ағарту, жастармен профилактикалық жұмыс жүргізу, отбасы, білім беру ұйымдары мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы маңызды рөл атқарады.

Осылайша, заңнаманы сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және «Заң және тәртіп» қағидаттарын іске асырудың маңызды шарттары болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty/press/news/details/1288424?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version