Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай Алмалы ауылдық кітапханасында «Қазақта Қасым бір туар» атты оқырмандар конференциясы өткізілді.
Конференция барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы кеңінен әңгіме қозғалды. Қасым Аманжоловтың қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар ерекше тұлға екені айтылды. Ақынның «Өзім туралы», «Дауыл», «Сарыарқа», «Қазақстан» секілді өлеңдері мен «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасына талдау жасалды. Қасымның майдандағы ерлігі, елге, жерге деген сүйіспеншілігі, азаматтық үні мен ақындық болмысы оқырмандар назарына ұсынылды.
Оқырмандар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармаларының мазмұны мен тәрбиелік мәні жөнінде өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар кітапханада ұйымдастырылған «Қазақта Қасым бір туар» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер таныстырылды.
Шара соңында қатысушылар Қасым Аманжоловтың поэзиясы – ұлт рухын, елдік пен ерлікті, туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптейтін асыл мұра екендігін атап өтті.
Қасым жыры – қазақ рухының үні. Ақынның өлмес өлеңдері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, оқырман жүрегінде мәңгі жасай береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1288337?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау