Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті энергетика нысандарындағы жөндеу жұмыстары мен алдағы жылыту маусымына дайындық барысына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
Мониторинг аясында Департамент мамандары өңірдегі электр желілері кешенінің нысандарын аралады.
«Большая Чураковка» қосалқы станциясында 10 кВ жабдықтарын жүргізілген реконструкциялау жұмыстарымен танысты.
Қарасу ауданында мамандар көктемгі су тасқыны кезеңінде зардап шеккен электр желілері инфрақұрылымының нысандарын қарап шықты.
Сарыкөл ауданында электр желілерінің су басу аймағынан тыс жерге шығару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу жүргізілді.
Аталған іс-шараларды іске асыру 3 798 абонент пен 39 әлеуметтік маңызы бар нысанды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жалпы, Қостанай облысында күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында бүгінгі таңда жоспарланған 772 км электр беру желісінің 667 км-і жөнделді. Жоспарланған 21 қосалқы станцияның барлығында күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
Негізгі міндет — электрмен жабдықтау нысандарының сенімді әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және алдағы жылыту маусымында тұтынушыларды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kaenk/press/news/details/1288343?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау