Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Шығыс Қазақстан облысының спортшылары ұлттық спорт түрі — арқан тартыстан Қазақстан намысын абыроймен қорғады.
Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өңір спортшылары Достан Ошабаев, Азамат Уалиев, Дінислам Шакиров, Даурен Шарипов, Сунгат Сергазин, Дамир Байгонов, Константин Шишкин, Ермек Жапишев және Мейр Рахметкалиев өнер көрсетті. Команданың жаттықтырушысы — Ерлан Уалиев.
Жарыс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы 8×8 тәртібінде 1-орын иеленіп, алтын медальға қол жеткізді. Жеңімпаз команда құрамында Достан Ошабаев, Азамат Уалиев, Дінислам Шакиров, Даурен Шарипов, Сунгат Сергазин, Дамир Байгонов, Константин Шишкин және Ермек Жапишев өнер көрсетті.
Ал 4×4 тәртібінде Азамат Уалиев, Дамир Байгонов, Константин Шишкин және Ермек Жапишев қарсыластарынан басым түсіп, жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алды.
Сонымен қатар ШҚО спортшысы Мейр Рахметкалиев 1×1 жеке сайысында 1-орын иеленді.
Осылайша, Шығыс Қазақстан облысының спортшылары арқан тартыстан үш алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан ұлттық құрамасының VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы нәтижесіне елеулі үлес қосты.
Арқан тартыс бойынша жарыстар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасы аясында 2–4 қыркүйек аралығында өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1287931?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау