«Шұғыл хабарлама» модулін пилоттық пайдалануға енгізу мәселелері талқыланды
Павлодар облысында жаңғыртылған «Эпидемиолог» цифрлық жүйесінің «Шұғыл хабарлама» модулін пилоттық пайдалануға енгізу тәртібі бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Кеңеске денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, С.Қайырбекова атындағы Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының, медициналық ұйымдардың, «Almaz Medical Group» ЖШС, Damumed медициналық цифрлық жүйесін әзірлеуші компания өкілдері, сондай-ақ Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жауапты мамандары қатысты.
Кездесу барысында «Шұғыл хабарлама» модулін пилоттық пайдалану кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл алгоритмі қаралды.
Ақпарат алмасудың тиімділігін арттыру, жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы цифрлық тетіктерді жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу ақпаратты жедел жеткізуге және эпидемиологиялық қауіптерге тиімді ден қоюға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1287932?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау