Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Департамент қызметкерлері мен оның аумақтық бөлімшелерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық қолдану практикасын жетілдіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты күшейту.
Семинар барысында екі негізгі бағыт қаралды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау кезінде процестік нормаларды сақтау.
Ұжымда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, қызметтік әдеп нормаларын сақтау мен әрбір мемлекеттік қызметшінің жоғары жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар практикалық кейстерді талқылап, тәжірибе алмасты, өзекті мәселелер бойынша сұрақтарына жауаптар және тиісті ұсынымдар алды.
Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, заңдылық пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің жұмысын одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1289072?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау