Ақтөбе облысында егін жинау науқаны жалғасуда. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындаған басымдықтар қатарында.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 9 қыркүйектегі жағдай бойынша егін жинау жұмыстары облыстың барлық ауданында жүргізілуде. Ауа райы жағдайлары егін жинау жұмыстарына қолайлы.
Биыл жылы облыстағы дәнді дақылдардың егін жинау алқабы – 435 мың га, майлы дақылдар – 84 мың га, картоп және көкөніс-бақша дақылдары – 6 мың га.
Дәнді дақылдардан 275 мың га (жоспардан 63%) алқап жиналып, 361 мың тонна өнім алынды, орташа өнімділігі центнеріне 13,2 га.
Астық сақтау орындарының жалпы сыйымдылығы 685 мың тоннаны құрайды. Бұл көлем жиналатын өнімдерді сақтауды қамтамасыз етуге толық мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта элеваторларда 114 мың тонна астық сақталуда немесе жалпы сыйымдылықтан 28% жүктелген. Сондай-ақ, жаңа егін астығынан 90 мың тонна астық қабылданды.
Егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті ауыл шаруашылығы техникаларымен дизель отыны көлемі жеткілікті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-veterinariya/press/news/details/1289170?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау