2026 жылғы 3 қыркүйекте Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Департамент қызметкерлері мен аумақтық басқармалардың мамандарының қатысуымен оқыту семинары өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің 2026 жылғы 25 мамырдағы аппараттық кеңесі хаттамасының 4-тармағы 4.1-тармақшасын орындау мақсатында, сондай-ақ Департамент басшысының 2026 жылғы 27 тамыздағы № 167-НҚ бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңнама талаптарын сақтауына қатысты өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда:
* мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы;
* Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптары, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығының 85-тармағына сәйкес тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі;
* әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау кезінде процестік нормалардың сақталуы.
Семинар барысында заңнама нормаларын мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызметінде дұрыс қолданудың практикалық қырларына, қызметтік тәртіптің бұзылуына жол бермеуге және белгіленген процестік талаптарды мүлтіксіз орындауға ерекше назар аударылды.
Мұндай оқыту іс-шараларын өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қызметтік тәртіпті нығайтуға және лауазымдық міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1289133?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау