13 қыркүйек – Отбасы күніне арналған апталық кітап көрмесі.
А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада 13 қыркүйек – Отбасы күніне орай «Отбасылық құндылықтар – ұрпаққа аманат» атты тақырыпта апталық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – отбасы құндылықтарын, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық пен сүйіспеншілікті, ұлттық отбасылық дәстүрлерді насихаттау. Көрмеге отбасы, тәрбие, бала тәрбиесі және ұлттық салт-дәстүр тақырыптарындағы кітаптар ұсынылды. Көрме аясында ашық микрофон ұйымдастырылып, оқырмандар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, барша отбасыларға жылы лебіздері мен құттықтауларын жолдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1289136?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау