2026 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасы (ОЖБ) шеңберінде іс-шаралардың орындалуы және оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстары төмендегідей жүзеге асырылды:
* Протездік-ортопедиялық көмек – 4 882 өтініш түсті, оның 3 961-і қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 68,9%.
* Сурдологиялық көмек – 514 өтініш түсті, оның 457-сі қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 89%.
* Тифлотехникалық құралдар – 812 өтініш түсті, оның 682-сі қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 83%.
* Кресло-арбалар – 856 өтініш түсті, оның 814-і қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 95,1%.
* Санаторлық-курорттық емдеу – 7 458 өтініш түсті, оның 4 739-ы қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 63,6%.
* Жеке көмекшінің қызметтері – 282 өтініш түсті, оның 271-і қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 96,1%.
* Ымдау тілі маманының қызметтері – 563 өтініш түсті, оның 547-сі қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 97,2%.
* Міндетті гигиеналық құралдар – 12 977 өтініш түсті, оның 12 529-ы қамтылды. Орындалу көрсеткіші – 96,6%.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау бөлімінің инспекторы
Ташкараев Мақсат Серикбаевич
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1288859?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау