«Назар аударыңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Басты мақсат – балалардың жолда, мектепте және күнделікті өмірде қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Полиция қызметкерлері мектеп автобустарының қауіпсіздігін, олардың техникалық жағдайын, сондай-ақ мектеп маңындағы жолдар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін тексеруде. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылдануда.
Мектептердегі қауіпсіздікке де ерекше көңіл бөлінуде. Бейнебақылау камераларын полицияның жедел басқару орталықтарына толық қосу жұмыстары жүргізілуде. Әр мектепке полиция қызметкерлері бекітілген. Олар балалармен кездесіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, түрлі жағдайларда қалай дұрыс әрекет ету керектігін үйретуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1288871?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version