2026 жылдан бастап камералдық бақылау жаңа тәртіп бойынша.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді. Маңызды
өзгерістердің бірі — камералдық бақылауды жүргізу тәртібінің жаңартылуы (ҚР Салық
кодексінің 136 және 137-баптары).
Енді салық органдары салық есептілігін және мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі
мәліметтерді талдап, әртүрлі дереккөздерден алынған ақпараттарды өзара салыстырады.
Бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы бірыңғай хабарлама
жіберіледі. Ол бұрын қолданылған хабарламалар мен хабархаттардың орнына енгізілді.
Хабарламаны орындау мерзімі — 30 жұмыс күні.
Осы мерзім ішінде:
-анықталған бұзушылықтарды жойып, дұрыс есептілікті ұсыну;
-қажет болған жағдайда бұрын қайтарылған ҚҚС-ты және есептелген өсімпұлды төлеу;
-өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режимін қолдану талаптарын орындау;
-тиісті салық режиміне ауысу үшін қажетті әрекеттерді орындау қажет.
Егер сіз хабарламамен келіспесеңіз, анықталған алшақтықтардың себептерін негіздей
отырып, жазбаша түсініктеме ұсынуға болады.
Хабарламаға сот тәртібімен де шағым жасауға болады. Сот шағымды іс жүргізуге
қабылдаған жағдайда, хабарламаны орындау мерзімі тоқтатыла тұрады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-alm/press/news/details/1289995?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version