Мемлекеттік қызмет — жауапкершілік, абырой және халыққа қызмет ету жолы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 23 маусым күні Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Бұл күн Департамент ұжымы үшін ғана емес, жас мамандарымыздың отбасылары үшін де ерекше мәнге ие болды. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтегі алғашқы нық қадамдарын жасап жүрген 12 жас маманның ата-аналарына алғыс хаттар табысталды.

Әрбір жас маманның артында отбасының тәрбиесі, қолдауы, сенімі мен үміті тұр. Дәл осы ата-аналар балаларының бойына еңбекқорлықты, жауапкершілікті, адалдықты және қоғамға пайдалы болуға деген ұмтылысты сіңірді. Сондықтан бүгінгі алғыс сөздер тек мемлекеттік қызметшілерге ғана емес, еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеген ата-аналарға да арналды.

Ата-аналар үшін Департамент ғимараты бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Олар мемлекеттік органның жұмысымен жақынырақ танысып, балалары еңбек етіп жүрген ортаны көріп, олардың таңдаған кәсіби жолының маңызын сезінді.

Іс-шараның ең салтанатты сәттерінің бірі — жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауы болды. Камералдық мониторинг басқармасының бас мамандары Жандос Төребаев пен Тамерлан Саян мемлекеттік қызметшінің антын қабылдап, Қазақстан Республикасына және оның халқына адал әрі абыроймен қызмет етуге дайын екендерін растады.

Мемлекеттік қызмет — жай ғана мамандық емес. Бұл — адалдықты, төзімділікті, білімді, іске берілгендікті және қоғам алдындағы жоғары жауапкершілікті талап ететін мәртебелі миссия.

Мемлекетке қызмет ету — азаматтардың сенімі, елдің тұрақтылығы және Қазақстанның болашағы жолында күн сайын еңбек ету деген сөз.

Мемлекеттік қызметші күні құтты болсын!

Әрбір қызмет күні адал еңбекпен, лайықты нәтижемен және таңдаған жолға деген мақтаныш сезімімен ұштаса берсін.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1289992?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version