«O.Y.A.N»: елордалық оқушылар «Астана – есірткісіз қала!» идеясын насихаттап жүр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордалық мектеп оқушылары жаңа оқу жылы басталғалы Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы жанынан құрылған «O.Y.A.N» еріктілер қозғалысы құрамында белсенді жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі таңда қозғалысқа елордалық мектептердің 80-ге жуық оқушысы қосылған. Олар жазғы демалыс кезінде қала көлемінде өткен 20-ға жуық профилактикалық іс-шараны ұйымдастыруға қатысты. Жасөспірімдер флешмобтар мен басқа да жастар іс-шараларын өткізуге көмектесіп, ақпараттық материалдар таратты, әлеуметтік сауалнамалар жүргізді. Сондай-ақ өздері үлгі болып, қатарластарына белсенді әрі пайдалы уақыт өткізудің мүмкіндіктерін көрсетті.

Жаз бойы бастамаға қосылған жас қатысушылардың саны арта түсті. Оқу жылының басталуымен еріктілердің жұмысы жаңа форматқа көшті – оқушылар енді «Астана – есірткісіз қала!» идеясын өз білім беру ұйымдарында насихаттап жүр.

Оқушылар мектептерде өтетін профилактикалық іс-шараларға қатысып, қатарластарын қоғамға пайдалы жұмыстарға тартады. Сонымен бірге өз денсаулығы мен болашағына саналы көзқарас қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдайды.

Маңыздысы, еріктілер жекелеген іс-шараларға ғана қатысып қоймай, қатарластарына белсенді өмір салтын ұстанудың үлгісін көрсетіп жүр. Спорт, шығармашылық, қоғамдық жұмыстар және командалық қызмет арқылы жасөспірімдер жастар ортасының оң әрі жасампаз құндылықтар төңірегінде біріге алатынын көрсетеді.

Осыған дейін қозғалыстың ең белсенді қатысушылары Астана қаласы Полиция департаментінің грамоталарымен марапатталған болатын.
Бүгінде «O.Y.A.N» – бірге өсіп, дамып, бастама көтеруді үйреніп жүрген және елордадағы қауіпсіз жастар ортасын қалыптастыруға қазірдің өзінде өз үлесін қосып келе жатқан мектеп оқушыларының қауымдастығы.

#законипорядок #заңментәртіп

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1290062?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version