ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында отбасылық құндылықтарды нығайтуға және әйелдер көшбасшылығын дамытуға арналған кешенді өңірлік жоба таныстырылды.
Жобаны ШҚО Ішкі саясат басқармасы облыс әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен жүзеге асырады. Негізгі жұмыстарды «Аддиктология және психикалық денсаулық» ғылыми-зерттеу, талдау және практикалық орталығы жүргізеді.
Қазан-қараша айларында отбасылық қарым-қатынас пен саналы ата-ана болуға арналған оқыту сабақтары өтеді. Әйелдер көшбасшылығы мектебінің жұмысы жолға қойылып, отбасылық клубтардың кездесулері мен пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылады.
Қатысушылар заңгерлік және психологиялық кеңес алып, «Старт» әлеуметтік бастамалар байқауына қатыса алады.
Психология ғылымдарының докторлары Құралай Жұмкенқызы Алина мен Наталья Федоровна Фесенко жобаға сарапшы әрі тәлімгер ретінде атсалысады.
Жобаның қорытындысы 13 қарашада «Мықты отбасы – мықты қоғам» өңірлік форумында шығарылады.
Дереккөз: ШҚО ӨКҚ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1290599?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау