Бүгін аудан аумағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы, сондай-ақ күзгі абаттандыру және санитарлық тазалықтың екі айлығы аясында ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Негізгі тазалық жұмыстары Сыпатай ауылындағы Сыпатай батыр кесенесі мен мешіті маңында жүргізілді. Сенбілікке аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің, ауылдық округтердің және мекемелердің 200-ден астам қызметкері қатысты.
Қызметкерлер кесене мен мешіт аумағын, сондай-ақ Бішкек–Алматы автожолы бойын қоқыстан тазалап, жиналған қалдықтарды шығарды. Сонымен қатар арамшөптер шабылып, қоршаулар сырланды, ағаштар ретке келтіріліп, аумақтың санитарлық жағдайын жақсарту жұмыстары атқарылды.
Сенбілікке қатысқан аудан әкімі Ербол Жиенқұлов тазалық жұмыстарына белсене атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді. Аудан әкімі тазалықты сақтау мен абаттандыру жұмыстарына атсалысу тек белгілі бір мекемелердің емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.
Іс-шара барысында Ақарал ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқар Омаров та сенбілікке қатысушыларға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу – ортақ міндет. Аудан аумағын таза әрі көрікті ұстау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/1290649?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау