«Алтай Өскемен» футбол клубы «Ұлытаудан» басым түсті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан чемпионатының кезекті турында «Алтай Өскемен» сырт алаңда Жезқазғанның «Ұлытау» командасымен кездесті. Матч қорытындысында шығысқазақстандық команда 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның алғашқы таймы голсыз аяқталғанымен, екінші таймда «Алтай Өскемен» футболшылары қарсылас қақпасынан саңылау таба білді. 58-минутта Дарко Додев есеп ашты. Араға 14 минут салып, Сэйф Попов есепті  2:0-ге жеткізді. Ойынның  88-минутында Сэйф Попов тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды. Қорытынды есеп – 3:0.

Осы жеңістің нәтижесінде «Алтай Өскемен» өз қоржынына маңызды үш ұпай қосып, турнирлік кестеде 11-орынға көтерілді.

Енді шығысқазақстандық команда келесі ойынды 18 қыркүйекте өз алаңында павлодарлық «Ертіс» футбол клубына қарсы өткізеді.

(Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1290706?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version