БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында жаңа оқу жылының барысы мен білім беру ұйымдарының қысқы жылыту маусымына әзірлігі пысықталуда.
Осы бағыттағы жұмыстардың барысын бақылау мақсатында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бірқатар білім беру нысандарын аралап, олардың қазіргі жағдайымен танысты.
Қала әкімі С. Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернатына, М. Пошанов атындағы №21 жалпы білім беретін мектебіне, Ө. Жәнібеков атындағы №27 ІТ мекеп-лицейіне және Р. Исетов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебіне барды.
Нысандарды аралау барысында білім беру ұйымдарының оқу кабинеттері мен асханаларының жағдайы, ғимараттардың жалпы дайындығы және жылу қазандықтарының қысқы маусымға әзірлігі тексерілді.
Сонымен қатар, мектеп және балабақша басшыларымен көшпелі кездесу өткізіліп, білім беру ұйымдарындағы өзекті мәселелер тыңдалды. Қала әкімі жауапты сала мамандарына анықталған мәселелерді жедел шешу және білім алушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан қаласында барлығы 245 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде 79 мектеп, 160 мектепке дейінгі ұйым және 6 мектептен тыс мекеме бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1290715?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version