Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтау жөніндегі іс-шараның өткізілуі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау жөніндегі жұмысты күшейту мақсатында Власов ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мінез-құлық мәдениеті және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға, қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде болуға жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттер мен мінез-құлыққа жол бермеу талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі түсіндірілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің талаптарын, Қазақстан Республикасының заңнамасын және жалпы

қабылданған мінез-құлық қағидаларын қызметтік міндеттерін атқару кезінде де, қызметтен тыс уақытта да мүлтіксіз сақтау ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akkayiyn-vlasov/press/news/details/1291033?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version