БІЛІМ КҮНІ – ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА СӘТТІЛІК ТІЛЕГ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
1 қыркүйек – Білім күніне орай Шардара ауданында жаңа оқу жылының басталуына арналған мерекелік іс-шаралар өтті.
Жаңа оқу жылының алғашқы күнінде Шардара ауданы әкімінің орынбасарлары Бисенбай Тасполатұлы Төребеков, Жұмасұлтан Оразбекұлы Бердешов және Еркебұлан Абдуғафурұлы Каратунов Шардара қаласындағы бірқатар білім беру ұйымдарына барып, мектеп ұжымдарын, оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Сонымен қатар қала және ауыл әкімдері, дербес бөлім басшылары өздеріне бекітілген білім беру ұйымдарына барып, ұстаздар қауымына, ата-аналар мен оқушыларға ізгі тілектерін жеткізді.
Ұстаздарға еңбектеріне толағай табыс, шығармашылық ізденіс пен кәсіби жетістіктер, ал оқушыларға сапалы білім, биік мақсат пен жарқын жеңістер тіледі. Ата-аналарға өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуына қосып отырған үлестері үшін алғыс білдірді.
Бұдан бөлек, Шардара қаласындағы Қ. Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектепте Білім күніне арналған тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абдразахов Ерлан Ажимуханович мектеп ұжымын, ата-аналар мен алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Мерекелік жиында білім беру саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагер ұстаздарға, сондай-ақ өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, ауданның білім саласының дамуына елеулі үлес қосқан ұстаздарға Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлының атынан мерекелік медальдар мен Алғыс хаттар табысталды.
Жаңа оқу жылы барша ұстаздар мен оқушыларға жаңа мүмкіндіктер, толағай табыстар мен жарқын жетістіктер әкелсін! Білім жолына қадам басқан бүлдіршіндердің арманы асқақ, болашағы жарқын болсын!
Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтаймыз!
Жаңа оқу жылы құтты болсын!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1291036?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version