Аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Каратуновтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, газдан және улы газдан уланудың алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдерін төмендету мәселелері жан-жақты қаралды.
Жиында Шардара ауданының «Тұрғын үй және газ қызметі» КММ директоры және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жауапты мамандары атқарылған жұмыстар мен жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндама жасады.
Атап айтқанда, тұрғын үйлердегі газ және жылыту жүйелерінің техникалық жай-күйін бақылау, жылыту пештері мен мұржалардың жарамдылығын қамтамасыз ету, газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, өрттің алдын алу, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына, қолданыстағы Өрт қауіпсіздігі қағидаларына және газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкес, жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау – азаматтардың, ұйымдардың және тиісті жауапты тұлғалардың ортақ міндеті.
Осыған байланысты тұрғындарға:
Сонымен қатар, әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтар тұратын үйлердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып, мұндай тұрғын үйлерді аралау, пештер мен жылыту жүйелерінің жағдайын зерделеу және қауіпсіздік талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажеттігі атап өтілді.
Комиссия отырысының қорытындысымен жауапты мекеме басшыларына, қала және ауылдық округ әкімдеріне:
– жылыту маусымына дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде толық аяқтау;
– тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардағы жылыту жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
– улы газдан улану мен өрттердің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды күшейту;
– халықпен түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу;
– әлеуметтік осал топтарға жататын отбасылардың тұрғын үйлеріндегі қауіпсіздік мәселелерін ерекше бақылауға алу;
– анықталған кемшіліктерді белгіленген тәртіппен жою және олардың орындалуын бақылау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Қауіпсіздік талаптарын бұзу адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, заңнамада белгіленген жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.
Айта кетейік, газды пайдалану кезінде тұрмыстық тұтынушыларға газ тарату немесе газ желісі ұйымының рұқсатынсыз газ жүйесін өз бетінше қосуға, өзгертуге, газ жабдығын монтаждауға, бөлшектеуге немесе жөндеуге жол берілмейді.
Жылыту маусымындағы қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік. Қарапайым сақтық шараларын сақтау адам өмірін сақтап, төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Тиісті жұмыстардың орындалуы аудан әкімдігінің бақылауына алынды
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1291016?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау