«ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШАҢЫРАҚ» ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отбасы күніне орай Отырар ауданында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту және отбасылық бірлікті арттыру мақсатында «Шаттыққа толы шаңырақ» атты отбасылық сайыс ұйымдастырылды.

Іс-шараға 11 отбасылық команда қатысып, өзара ұйымшылдықтарын, шапшаңдықтарын, тапқырлықтары мен спорттық қабілеттерін ортаға салды. Қатысушылар команданы таныстыру, қол күресі, доппен кедергілерден өту, «Кенгуру» және арқан тарту сынды қызықты кезеңдер бойынша бақ сынады.

Сайысқа арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Тоқсейіт Елекеев барша қатысушыларды Отбасы күнімен құттықтап, отбасындағы татулық пен береке, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықтың маңыздылығын атап өтті.

Әр кезеңде отбасылар бір-біріне қолдау көрсетіп, бірліктің, ынтымақтың және өзара сыйластықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз отбасылар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталса, барлық қатысушы отбасыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/1291017?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version