Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуын бақылау енді автоматты түрде жүргізіледі.
Бұл тәртіп Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 24 маусымдағы №268 бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы шілде айынан бастап іске қосылды.
Енді қалай болады?
🔹 Квотаның орындалуы қағаз есептер арқылы емес, цифрлық жүйелердегі мәліметтер негізінде тексеріледі.
🔹 «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесінде әр жұмыс берушінің квотаны орындауы туралы есеп автоматты түрде қалыптастырылады.
🔹 Бұл есеп әр тоқсан сайын жасалады.
🔹 Квотаның орындалуы жыл соңында бағаланады.
🔹 Жұмыс берушілерге квотаның орындалуы туралы қағаз есеп тапсырудың қажеті жоқ.
Жұмыс берушілер өздеріне белгіленген квота туралы және оның орындалу нәтижесін цифрлық жүйелерден тұрақты түрде тексеріп отырғаны дұрыс.
Квота автоматты түрде есептелетіндіктен, цифрлық жүйелердегі мәліметтердің дұрыс болуы өте маңызды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/1290837?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау