ҚМА-ның Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Интерполдың Ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген «The Finiko» құрылымдық бөлімшесінің басшысын Түркиядан елге қайтарды.
Тергеу барысында «The Finiko» ешқандай нақты кәсіпкерлік немесе инвестициялық қызмет жүргізбегені анықталды.
Бұрын тартылған қатысушыларға төлемдер жаңа салымшылардан түскен қаражат есебінен жасалған. Осы тәсіл табыс түсіп жатқандай көрініс туғызып, азаматтардың қаражатын одан әрі тартуға мүмкіндік берген.
Күдіктінің заңсыз әрекеті салдарынан қаржы пирамидасына салымшылардың 160 млн теңгеден астам қаражаты тартылған.
Сонымен қатар, сотқа дейінгі тәркілеу аясында күдіктіге тиесілі құны 221 млн теңге болатын жер телімі мемлекет кірісіне алынды.
Бұған дейін осы қылмыстық іс бойынша үш адам мүлкі тәркіленіп, 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.
Тергеу жалғасып жатыр.
Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/1290829?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау