Ертіс өзенінде ер адамды іздестіру жұмыстары екінші күн қатарынан жалғасуда. Іздеу жұмыстарына Павлодар облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының 6 құтқарушысы, 3 жүзу құралы және 2 эхолот жұмылдырылған.
Эхолоттардың көмегімен Ертіс өзенінің түбі шамамен 35 шақырым аумақта зерттелді. Сонымен қатар, 11 сүңгуірлік түсіру жүргізіліп, сүңгуірлер шамамен 5 000 шаршы метр аумақты тексерді.
12 қыркүйекте «112» пультіне Жанауыл ауылының маңында алюминий қайығы аударылғаны туралы хабарлама түскен. Қайықта бес адам болған. Олардың төртеуі өздігінен жағаға шыққан. 1983 жылы туған ер адам суға батып кеткен деп болжануда.
Іздеу жұмыстары жалғасуда.
Павлодар облысының ТЖД су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауды және міндетті түрде құтқару кеудешелерін пайдалануды ескертеді. Желдің жылдамдығы секундына 15 метр және одан жоғары болған жағдайда шағын көлемді кемелермен су айдындарына шығуға тыйым салынады. Осындай параметрлерге жеткен кезде (Бофорт шкаласы бойынша 7 балл және одан жоғары) ауа райы жағдайлары экстремалды және дауылды деп танылады. Мұндай кезеңде суда жүзу адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1291480?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау