Елімізде Мемлекет басшысының оқу мәдениетін дамыту және ұлттық «Кітап оқитын ұлт» бастамасын ілгерілету жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылатын республикалық марафон басталды.
«Кітап оқитын ұлт» оқу марафоны шеңберінде «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» арнайы бағыты қосылған. Қатысушылар арнайы әзірленген тізімнен қазақ тіліндегі 15 немесе орыс тіліндегі 15 кітапты оқуы тиіс. Тізімге отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи әдебиеттер енгізілген. Бұл – ой-өрісті кеңейтіп, сыни ойлау қабілетін дамытатын, жаңа идеяларға шабыт беретін құнды туындылар.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек – 2027 жылғы наурыз аралығында өтеді. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталып, финалистер дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
Барлық мемлекеттік қызметшілерді марафонға қатысып, «Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық қозғалысынан қалыс қалмауға шақырамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1291530?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау