Қазақстанда ЖІӨ-нің сегіз айдағы нақты өсуі 4,1%. Бұл деңгей үш ай бойы сақталуда.
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында елдегі сегіз ай ішіндегі экономика дамуының жедел қорытындысы қаралды.
Атап өткендей, экономиканың өсуі, ең алдымен, шикізаттық емес сектордың орнықты динамикасымен қамтамасыз етілуде. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 8,4%-ға артты. Машина жасау (21,2%), тамақ өнімін өндіру (12,9%), химия өнеркәсі (27,3%), құрылыс материалын өндіру (7%), дайын металл бұйымы (33,3%), резеңке және пластмасса бұйымы (+18,5%), жеңіл өнеркәсіп (+70,4%) және фармацевтика (38,9%) ең жоғары қарқынды көрсетті.
Жалпы, өнеркәсіптік өндіріс 2,6%-ға өсті. Құрылыста (15,6%), көлікте және қоймада (7,3%), саудада (6%), ауыл шаруашылығында (5,2%) және байланыста (4,4%) едәуір өсім байқалады.
Штаб отырысында өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларындағы ахуал егжей-тегжейлі қаралды. Металлургияда, белгілісі, кәсіпорындар бүгінде 90-100% деңгейіндегі жүктемемен жұмыс істейді. Осыған қарамастан, қара металлургияда шойын мен болат өндірісін арттыру арқылы өндіріс 2%-ға өскен.
Сегіз айда машина жасау 21,2%-ға өсті. Жоғары динамика, оның ішінде жеңіл автомобиль, автобус, жүк және арнайы техника өндірісін қамтитын автоөнеркәсіп есебінен (+27,7%) қамтамасыз етілді.
Жылжымалы құрам өндірісінде жолаушылар вагоны мен платформалар шығарылымының едәуір ұлғаюы кезінде жартылай жүк вагондары мен локомотив өндірісінің төмендеуі байқалады. Серік Жұманғарин төмендеу себебін егжей-тегжейлі түсініп, машина жасаудың өсу қарқынын сақтау мүмкіндігін анықтау үшін арнайы жиналыс өткізуді тапсырды.
«Металлургия өңдеу өнеркәсібінің 40%-ынан көбін қамтиды. Сондықтан металлургиядағы өсу қарқыны өңдеудің өсуі үшін ерекше маңызға ие. Өңдеу саласындағы екінші орындағы үлесі бойынша машина жасау динамикасын сақтау маңызды. Бұл бағыт жыл соңына дейін айрықша назарда болады», – деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Ауыл шаруашылығында үшінші ай қатарынан белсенді өсу қарқыны байқалады: сегіз айда 5,2% (қаңтар-шілдеде 5%, қаңтар-маусымда 4,4%). Мұндай динамика жиын-терім науқанының қызуы мен егіннің пісуі секілді маусымдық факторға байланысты. Азық-түлік өндірісінде де 12,9% айтарлықтай өсім тіркелді. Мұнай-газ саласында мұнай өндіру көлемінің біртіндеп қалпына келуі байқалады. Сегіз айдағы НКИ 91,6%. 2026 жылғы қаңтар-шілдеде 91,1%, 53,2 млн тоннаға қарсы 61,7 млн тонна мұнай өндірілді.
2026 жылғы мұнай өндірудің түзетілген болжамы 96 млн тонна. Бұл 91,6% НКИ-ға сәйкес келеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1291535?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау