Шардара қаласының орталық су жинағыш хауз нысанында күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілуіне байланысты қала тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ету уақытша белгіленген кесте бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Қалыптасқан уақытша жағдайды ескере отырып, Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлының тапсырмасымен ауызсумен қамтамасыз ету мәселесін жедел зерделеу, тұрғындарға нақты ақпарат жеткізу және туындаған мәселелерді тиісті деңгейде шешу бойынша кешенді ұйымдастыру жұмыстары қолға алынды.
Аудан әкімі мәселені тек ақпараттық түсіндірумен шектемей, жауапты мемлекеттік органдар мен коммуналдық сала мамандарының өзара іс-қимылын ұйымдастыру, тұрғындардың өтініштері мен шағымдарын жедел қарау, су беру кестесінің орындалуын бақылау және нысандағы жөндеу жұмыстарының барысын зерделеу бағыттарын нақтылады.
Осы мақсатта аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес жауапты мемлекеттік органдардың, коммуналдық сала мамандарының және тиісті қызмет өкілдерінің қатысуымен жұмысшы топ құрылды.
Жұмысшы топтың қызметі бірнеше негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылды.
Біріншіден, тұрғындарға ауызсудың берілу тәртібі мен уақытша кестесі туралы нақты ақпарат жеткізу міндеті қойылды.
Екіншіден, ауызсумен қамтамасыз етудегі уақытша шектеулердің себептерін тұрғындарға түсіндіру және қалыптасқан жағдай бойынша туындаған сұрақтарға құзыреті шегінде жауап беру ұйымдастырылды.
Үшіншіден, орталық су жинағыш хауз нысанында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстарының барысын бақылау, анықталған мәселелерді жауапты сала мамандарына жедел жеткізу міндеті белгіленді.
Төртіншіден, ауызсумен қамтамасыз етуді тұрақтандыруға бағытталған шаралардың орындалу барысын зерделеу және тиісті ұсыныстарды қалыптастыру көзделді.
Бесіншіден, тұрғындардан келіп түсетін ұсыныстар, өтініштер мен шағымдарды жинақтап, оларды құзыреті шегінде тиісті мемлекеттік органдар мен жауапты ұйымдардың қарауына жолдау тәртібі белгіленді.
Аталған жұмыстарды ұйымдастыру барысында Шардара ауданы әкімінің орынбасары Каратунов Еркебұлан Абдуғафурұлы, Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ержан Нұрахов, Шардара қаласы әкімінің орынбасары Сұлтан Абдунасиров және жауапты сала мамандары тұрғындармен тікелей кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Жұмысшы топ мүшелері қаладағы мөлтек аудандарды аралап, тұрғындардың нақты мәселелерін зерделеуде. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер жинақталып, тиісті жауапты мекемелерге жеткізіліп, белгіленген тәртіппен қаралуда.
Әкімнің ұйымдастырушылық жұмысы
Аудан әкімі Қарсыбаев Арман Романұлының негізгі ұйымдастырушылық ұстанымы — ауызсу мәселесін жауапты сала мамандарының қатысуымен жүйелі түрде қарау, әрбір бағыт бойынша жауапты тұлғаларды айқындау және қабылданған шаралардың орындалуын бақылауда ұстау.
Осыған байланысты жауапты мамандарға:
– қала тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз етудің уақытша кестесін тұрақты бақылау;
– су беру барысында туындаған мәселелерді жедел зерделеу;
– тұрғындардан келіп түсетін өтініштер мен шағымдарды назардан тыс қалдырмай, тиісті ұйымдарға жеткізу;
– орталық су жинағыш хауздағы жөндеу және жаңғырту жұмыстарының орындалу барысын бақылау;
– су беру режимін тұрақтандыруға бағытталған ұсыныстар енгізу;
– тұрғындарға қалыптасқан жағдай туралы нақты әрі объективті ақпарат беру;
– атқарылған жұмыстар туралы белгіленген тәртіппен ақпарат ұсыну
жөнінде тиісті міндеттер жүктелді.
Бұл жұмыстардың басты мақсаты — уақытша қолайсыздық кезеңінде тұрғындардың ауызсумен қамтамасыз етілуін мүмкіндігінше тұрақты ұйымдастыру, проблемалық мәселелерді жедел анықтау және олардың шешілуін жауапты ұйымдар деңгейінде үйлестіру.
Аудан әкімінің тапсырмаларын орындау барысы жауапты сала басшыларының қатысуымен бақылауға алынып, туындаған мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдануда.
Заң талаптары сақталады
Мемлекеттік органдар мен жауапты ұйымдардың тұрғындарға ақпарат беруі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында ақпаратты заңда тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алуға және таратуға құқық кепілдендірілген. Мемлекеттік органдардың ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңымен реттеледі.
Сонымен қатар азаматтардың мемлекеттік органдарға өтініш жасау және олардың қаралу нәтижесі бойынша жауап алу құқықтары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қамтамасыз етіледі.
Осыған байланысты тұрғындардың ауызсумен қамтамасыз етуге қатысты сұрақтары, ұсыныстары мен өтініштері белгіленген тәртіппен қабылданып, құзыретті жауапты органдардың қарауына жолдануда.
Қазіргі уақытта орталық су жинағыш хауздағы күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жауапты мамандар нысандағы жұмыстардың орындалу барысын бақылап, ауызсумен қамтамасыз етуді тұрақтандыруға бағытталған тиісті шараларды қабылдауда.
Аудан әкімі Қарсыбаев Арман Романұлының тапсырмасына сәйкес Шардара қаласының ауызсумен қамтамасыз етілу мәселесі тұрақты бақылауда. Жауапты сала мамандарына нақты міндеттер жүктеліп, олардың орындалуы қадағалануда.
Орталық су жинағыш хауз нысанындағы күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары толық аяқталғаннан кейін ауызсу беру режимін тұрақтандыру көзделіп отыр.
Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, ауызсу беру кестесін ескеруді сұраймыз.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1291064?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау