ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРДАРА АРМСПОРТ КЛУБЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДАҒЫ ЖЕҢІСІНЕ ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қырғыз Республикасында 31 тамыз – 6 қыркүйек аралығында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 1-орын иеленді.
Қазақстан спортшылары дүбірлі додада 32 алтын, 20 күміс және 22 қола, барлығы 74 медаль жеңіп алып, алтын медаль саны бойынша көш бастады.
Ел құрамасының жоғары нәтижесіне армрестлинг шеберлері де қомақты үлес қосты. Қол күресінен Қазақстан құрамасы 7 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль — барлығы 12 жүлде жеңіп алды. Бұл армрестлингтен ұлттық құраманың аса жоғары нәтижесі болды.
Осы жеңіске Түркістан облысының «Шардара Армспорт» клубының спортшылары ерекше үлес қосты.
Атап айтқанда, Нұрдәулет Айдархан 90 келі салмақта сол және оң қол күресінен екі алтын медаль жеңіп алды.
Медет Құттымұратов +90 келі салмақта екі қолмен күресте де қарсылас шақ келтірмей, екі алтын жүлдеге қол жеткізді.
Ал Ұлжан Оралбай 65 келі салмақта сол және оң қол күресінен екі күміс медаль иеленді.
Осылайша, Шардаралық үш спортшы Қазақстан құрамасының қоржынына 4 алтын және 2 күміс, барлығы 6 медаль салды.
Бұл — Түркістан облысы мен Шардара ауданы спортшыларының халықаралық аренадағы шеберлігін айқын көрсететін жарқын нәтиже.
Жерлестеріміздің жеңісі — жас спортшыларға үлгі, ел спортына қосылған үлкен үлес. Жеңімпаз спортшыларымызды, олардың бапкерлерін және «Шардара Армспорт» клубының ұжымын тарихи жетістіктерімен құттықтаймыз!
Көк туымыз көкке көтеріліп, Әнұранымыз шырқала берсін!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1291065?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version