Аталған жұмыстар әлеуметтік желіде жарияланған бейнематериалға байланысты ғана ұйымдастырылған іс-шаралар болып табылмайды. «Үш би» алаңының санитариялық тазалығын сақтау, абаттандыру, күтіп-ұстау және мемлекеттік рәміздердің белгіленген талаптарға сәйкес жай-күйін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар Шардара қаласын абаттандыру және күтіп-ұстау бойынша бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырылады.
Осы ретте жылдық жоспарға енгізілген тиісті жұмыстар белгіленген тәртіппен кезең-кезеңімен орындалып, олардың орындалуы уәкілетті құрылымдар тарапынан бақылауда ұсталады. Әлеуметтік желіде көтерілген мәселелер аталған аумақтағы жұмыстардың қосымша зерделенуіне және қажет болған жағдайда анықталған кемшіліктерді жедел түрде жою жөнінде тиісті шаралар қабылдануына негіз болды.
Осыған байланысты «Үш би» алаңында жүргізілген жұмыстарды әлеуметтік желідегі бейнематериалдың жариялануымен ғана байланыстыруға негіз жоқ. Аталған аумақты күтіп-ұстау және абаттандыру жөніндегі жұмыстар бекітілген жылдық жоспар шеңберінде тұрақты негізде жүргізіледі.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1291094?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау